Русский Сайттың толық нұсқасы

Доллар әлі де арзандап жатыр

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2023
  • 1093

Қазақстанның Ұлттық банкі 31 қаңтарға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі.

Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы тағы арзандап, 459,92 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 460,43 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,62 теңге болды.

Қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 458,5 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 458 теңгеден сатып алынып, 461 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 459,92 (АҚШ доллары)

EUR / KZT – 501,31 (еуро)

RUB / KZT – 6,62 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 24,46 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 62,09 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,34 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,06 (өзбек сомы).