Русский Сайттың толық нұсқасы

Шатырға шығып, мерт болды

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2023
  • 1003

Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Әбділда Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің төбесі опырылып, бір адам қаза тапты.

Мектеп электригі қасына танысын ертіп шатырға шыққан. Олар кептер ауламақ болған көрінеді. Алайда үш қабатты ғимараттың төбесі опырылып, біреуі жертөлеге құлап қайтыс болған. Сырдария аудандық ПБ ақпаратынша, бұған қатысты қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 204-бабына сәйкес тергеу барысы жарияланбайды.

Ал мектеп  ғимараты ескі емес, пайдалануға берілгеніне 10 жыл енді болады.