Русский Сайттың толық нұсқасы

"Халықтың қамын ойлайтын депутат керек",- халық пікірі

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2023
  • 1152

Жаңа есімдер жаңа саяси жүйе қалыптастырады. Сайлауда жеңіске жеткен азаматтар ел болашағы үшін тың өзгерістер әкелмек. Сондықтан халық саяси науқанға үлкен үміт артып отыр. Тұрғындардың пікірінше, қолынан іс келетін, білімді, халықтың қамын ойлайтын, адал азаматты сайлау керек. "Депутаттық корпус мықты болса, жақсы заңдар қабылданып, халыққа қызмет етері сөзсіз" дейді.

БЛИЦ:

АСТАНА

- Жаңа депутаттар сайланса, қарапайым адамдарға, көпбалалы аналарға көмек берсе, үй берсе. Тек жақсылыққа болса екен дейміз ғой.

- Балаларға жәрдемақысын көбейтсе, тұрғын мәселесі бойынша пайыздарын азайтып сол жақсы болушы еді. Үміттенеміз енді, біреуін болсын шешуін мүмкін ғой.

- Әркім өз ісінің маманы болу керек. Әркім өз ісін толық атқару керек. Егер депутат етіп сайланғың келсе, өзінің ісіне толықтай сенімді. Халық үшін қолынан келгеніне жасайтынына сенімдімін.

ҚАРАҒАНДЫ

- Бізге енді бүкіл проблеманы шешетін депутат керек қой.

- Енді қазір жаңа Қазақстан деп жатыр ғой. Жаңа Қазақстанға жас, білікті мамандар керек сияқты. Талай өзі көріп жүрміз, садиктерге поликлиникаларға барған кезде пандустар өте ыңғайсыз. Сондықтан биылғы жылы сайлауда жақсы сол депутаттар, жас халықтың қамын ойлайтын адамдар келсе деп ойлаймын

- Дәрі бәрі бәрі қымбаттап жатыр. Жас, мамандар халықтың жағдайын ойлайтын адамды сайлау керек.

Ә. Дүкембаева