18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, Ұлттық қордан қаражат бөлінбейді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді. Оның сөзінше, олардың ақшасы басқа балаларға үлестіріледі екен. Жоба 2024 жылдан бастап іске қосылады. Қазірдің өзінде механизмі дайын, тек қаржы министрлігі ережелерін ұсынса болғаны, деді.
Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады. Мысалы, инвестициялық кіріс теріс болса, не болатынын да талқыладық. Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз орташа 18 жылдағы кірісті аламыз. Себебі, біздің мониторинг бойынша 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек. Сол себепті осы механизм бойынша жұмыс істейміз. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды.
Б. Сатуов