Русский Сайттың толық нұсқасы

Сейітқазы Матаевтың үй қамақ уақыты тағы бір айға созылды

  • AstanaTV
  • 11 сәуір 2016
  • 2289

Қазақстан журналистері одағының басшысы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев үй қамақта тағы бір ай, яғни мамырыдың 22-не дейін, отыратын болды. Мұндай шешемді бүгін Алматыдағы Медеу аудандық №2 соты жария етті.

Еске салайық, Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің басшысы Әсет Матаев, «бюджет қаражатын жымқырды» және «ірі көлемде салық төлеуден жалтарды» деген күдікпен ұсталған болатын. Қолды болған қаражаттың жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асады.

Айгүл ЕРМАХАН