Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұрып-соққан

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2023
  • 946

Алматыда элиталық балабақшаның тәрбиешісі баланы ұрып-соққан. Бұл туралы әлеуметтік желіде бүлдіршіннің анасы мәлімдеді. Ол сөзіне дәлел ретінде бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазбаны ұсынған. Онда шамамен 5-6 жастағы ұлды тәрбиешінің төсекке күштеп жатқызғаны, онан кейін жұлқылап басқа бөлмеге алып кеткені көрінеді. Баланың қатты жылағанын да анық естуге болады. Анасы осы оқиғаны басқа ата-аналарға ескерту болсын деген ниетпен жариялағанын жеткізген. Бұл жағдайға қатысты оқу-ағарту министрлігі әзір ресми жауап берген жоқ.

Р. Бақытжанқызы