Бірнеше күн бұрын қайтыс болған депутат Гүлмира Кәрімованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Гүлмира Кәрімованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Конституцияның 52-бабының 5-тармағына сәйкес, Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі тоқтатылады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыныс енгізді.