Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық хоккейшілер қарсылас шақ келтірмеді

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2023
  • 1684

Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. Құраманың жеңісімен ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында құттықтады.

«Біздің команда Исландияны 7-0 есебімен жеңді. Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, турнир қорытындысы бойынша 15 ұпаймен екінші дивизионның А тобына шықты. Осыған дейін олар Болгария (8:1), Жаңа Зеландия (7:1), Бельгия (5:3) және Эстония (8:0) командаларын ұтты. Чемпионат Болгарияның София қаласында өтті. Біздің құраманы жоғары жетістіктерімен құттықтаймын және жаңа жеңістер тілеймін!», - делінген құттықтауында.