Русский Сайттың толық нұсқасы

Үстіне әйнек құлаған қыздың жағдайы ауыр

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2016
  • 3173

Алматыда «Нұрлы тау» бизнес орталығы ғимаратының әйнегі үстіне құлап, жарақат алған қыз ауруханада. Қазір осы оқиғаға қатысты іс қозғалған. Мұны зардап шеккен қыздың құрбысы айтты.  Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай түскі ас ішіп отырған кезде болған. Орталықтың бірінші қабатында орналасқан асхананың жазғы алаңына отырған 4 адамның үстіне терезе әйнегі құлаған. Ауыр жарақаттанған бірі шұғыл ауруханаға жеткізілді. Миы шайқалып, қан тамырына зақым келген Маргарита Фаридонованың айтуынша, бастапқыда ақ халаттылар тегін емдеу квота арқылы жүргізіледі деген сылтаумен ауруханаға жатқызбапты. Бірақ жағдайы ауырлаған қыз ақылы ауруханаға жеткізілген.

Маргарита Фаридонова, зардап шегуші:

Мен оқиға орнында есімнен айрылдым. Ауруханада бірақ ояндым. Басымдағы жарақатымды тікті. Хал-жағдайым қиын. Сіздермен әрең сөйлесіп тұрмын.  Дәрігерлер тегін ем-дом көрсетпейтінін айтты. Ақылы ем қымбат. Бірақ амал жоқ. Бұл қаладағы атақты бизнес орталық. Бірақ сапасыздығынан мен зардап шектім.

Айгүл ЕРМАХАН