Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы «Талдыкөл» ағын су жинағы күрделі тазартудан өтеді

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2016
  • 6780

Астанада қолқаны қабатын сасық иіс шықпайтын болады. Бұл туралы қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары айтты. Қазір "сасық көл" атанып кеткен Талдыкөлде тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ол екі айда бітуі тиіс.

Тимур Әбіжанов, Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

Талдыкөлдің түбінде жатқан қалдықтарды шығарамыз қазір. Осы тамыз айында. Бүкіл жұмыстарды бітіреміз. Сосын қазір құрылыс жұмыстарды өткіземіз. - Талдыкөлді көшіресіздер ме сонда, қала ма? - Ол қалады, табиғи көл ғой. Запаха не будет. Вы забудете все проблемы, которые существовали.

Шенеуніктің сөзіне қарағанда, механикалық және биологиялық өңдеуден кейін Талдыкөлдегі жағымсыз иіс түбегейлі жоғалады. Десе де суды тазартудың қосымша әдістері қарастылып отыр. Мәселен, бүгін әкімдік «Кәріз жүйелері мен суағарларды қалыпқа келтіруге және қоймаларды тазарту» тақырыбында халықаралық жиын өткізіп, оған бірқатар елдің мамандарын шақыртыпты. Онда Талдыкөл мәселесінен бөлек, жауыннан кейінгі көлге айналатын Астана ахуалы да сөз болды. Қаражат қарастырылса, суағарлар желісін 2018 жылға дейін ретке келтіру жоспарланып отыр.

Құралай ПИОНЕР