Солтүстік
Қазақстан облысының Қызылжар ауданында 9 мың гектардай жердің бос жатқаны
белгілі болды. Игерілмей жатқан тағы қанша алқап бар екенін анықтау жұмыстары
әлі де жалғасады. Егер жердің пайдаланылмай жатқаны рас болса, сот арқылы ол жерлер мемлекетке қайтарылмақ.
Мұны «Нұр Отан» партиясының Қызылжар аудандық филиалының мүшелері айтты. Олар
«Петерфельд-агро» серіктестік жұмысшыларымен кездесіп, жер жайын түсіндірді.
Жұмысшылар тұрғын үйге бөлінетін жер теліміне қатысты сұрақтар қойды. Өйткені
олардың арасында жеке баспана соғуға ниеттілер көп.
Данияр
Әбутәліп, «Нұр Отан» партиясы СҚО Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары:
Халық
теледидар-газеттен толық мағлұмат ала алмайды. Көбінің жеке сұрақтары бар. Біз
осындай кездесулерде тек жер реформасын түсіндіріп қана қоймай, жаңа
ұсыныстарды да тыңдағымыз келеді. Тамыздың бірінен бастап 10 шаруашылықты
аралап шықтық.
Ал Оңтүстік Қазақстанда «Нұр Отан» партиясы
Қазығұрт аудандық филиалының ұйымдастыруымен ақпараттық насихат топ мүшелері
ауыл-ауылды аралап, жер реформасын түсіндіріп жүр. Олар Шарбұлақ ауылындағы
«Сапа-2002» өндірістік кооперативінің ұжымымен кездесті. Мұнда бидайдың элиталы
тұқымы мен мақсары өсіріледі.
Ауылдағы 120 адамды жұмыспен қамтып отырған
серіктестік асыл тұқымды мал өсірумен де айналысады. Жер емген ағайынның түпкі
мақсаты - қолда бар телімді тиімді игеру. Ауданның 13 ауылында түсіндіру
жұмыстарын жүргізген насихат тобы халықты жайылым мен тұрғын үйге арналған жер
телімі толғандырады деп отыр.
Марат
Әбдіқұл, «Нұр Отан» партиясы «Шарбұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы, ауыл
әкімі:
Елді
мекенде ең өзекті болып тұрған ауыл айналасындағы жайылым жерлер. Комиссияның
отырысы бойынша сол жайылымдық жерлерді бекітіп беру, оған бөлінбейтін дәреже
беруі тұрғындардың көңілінен шығып отыр. Және де тұрғын үйге берілетін жерлер мемлекеттік маңыздылығы айқындалып отыр. Ол
да болашақта елді мекеннің өсуіне, болашақтың кеңеюінде өте зор пайдасы тиеді
деп есептейміз.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ