Жанармай
бекеттерінде бензин бағасы қымбаттады. Ең көп қолданылатын АИ-92 маркалы
бензиннің 1 литрі Астанада 128-130
теңгеге дейін жетті. Бұған дейін жанармай бағасы 125 теңге болған еді.
Естеріңізде болса, өткен жылдың қыркүйек айында үкімет АИ-92 және 93 маркалы
бензин бағасын реттеуден бас тартқан болатын. Өткен аптада энергетика
министрлігі Қазақстанда бензин тапшылығы болмайды деген жорамал жасаған. Онда
вице-министр Мағзұм Мырзағалиев аталмыш марканың орташа бағасы ел көлемінде
125-127 теңгеден аспайды деген еді.
Дауренбек БАҚДАУЛЕТ