Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО студенттерін электронды еңбек биржасына есеп үшін тіркелуін сұраған

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2016
  • 2819

Жастар саясатындағы жалған іс шаралар. Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары осы аймақта «жастар саясатына» қатысты біраз былықтың бетін ашқан. Онда шенеуніктер діни ахуалы алаңдатпайтын Жарма ауданында жастардың діни сауатын ашу шараларын өткізіп, мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсаған. Ол аздай, еңбек нарығында сұранысқа ие механизаторлар мен мал дәрігерлерінің орнына даяшылар мен шаштараздарды дайындаған. Осы салаға шығыс өңірі 2016 жылы 20 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген. Алайда қаражаттың басым бөлігі негізсіз жұмсалған, - дейді қадағалаушы орган өкілдері.

Рустам Шідердінов, ШҚО прокуратурасының экономикалық-әлеуметтік саласын бақылау басқармасының басшысы:

Жарма ауданында жастардың діни сауатын арттыру мақсатында негізсіз іс шаралар өткен. Егер осы шараны басқа, жастар жат дін жетегінде кетіп жатқан аймақтарда өткізсе, тиімді болмас па еді? Ал, биржа саласына келсек, тексеріс нәтижесінде жастарға еңбек биржасына түйіндеме қалдырып, тіркелгендей сыңай танытыңдар депті. Ал бұған 15 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған.