Русский Сайттың толық нұсқасы

Тегін дәрімен қамтуда ешқандай проблема жоқ - «СҚ-Фармация»

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2016
  • 2792

Қазақстанда емханаларды тегін дәрімен қамтамасыз етуде ешқандай проблема жоқ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Нұржан Әлібаев осылай мәлімдеді.

2017 жылы дәрі-дәрмектерді сатып алуға 135 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда бұл соманың 95 пайызы игерілген. Яғни келісімдер алдын ала жасалған. Басқарма төрағасы медициналық мекемелерге дәрілер уақытында жеткізілетінін айтып, емделушілерге дәрігерлерден талап етуге кеңес берді. Егер медициналық қызметкерлер жауап бермесе, арнайы сайттан тексеруге болатын көрінеді.

Нұржан Әлібаев, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

«СК-Фармацияның» сайтында дәрі-дәрмектердің қалғаны жайлы анықтама деген бөлімде 1107 медициналық мекеме бар. Сол арқылы әр өңір бойынша ақпарат ала аласыздар. Дәрілердің атауы, қолдану мерзімі және көлемі көрсетілген. Осыны негізге ала отырып емделуші клиникаға барғанда тиісті дәрілерді талап ете алады.