Осы
жылдың 9 айында жалған кәсіпкерлік фактілері мемлекетке 94 миллиард теңге көлемінде залал келтірген.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім
етті. Оның айтуынша, түрлі айла-тәсілмен іске асқан кәсіпкерліктің екі мыңы
әшкерлерленіп, 800-ден астамы тергеумен аяқталған.
Мұрат
Жұманбай, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ресми
өкілі:
Өндіріспен
аяқталған қылмыстық істер бойынша залал 94 млрд теңгені құрады. Оның өтелгені
2,5 млрд теңге. Ал, 7,9 млрд теңгенің
мүлкіне тыйым салынды. Яғни болашақта залалды өтеу үшін.