Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазпошта» трансформациялауды жүзеге асыруда жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр - Өмірзақ Шөкеев

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2016
  • 3386

«Қазпошта» алдағы уақытта 3 жаңа жобаны енгізбек. Бұл 2020 жылға қарай 5 миллиард теңге қосымша табыс әкеледі деп жоспарланып отыр. Бүгін 2017 жылға арналған трансформациялау жөніндегі жол картасы бекітілді. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев компания трансформациялауды жүзеге асыруда жақсы көрсеткіштерге жетіп отырғанын атап өтті.

Өмірзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ АҚ басқарма төрағасы:

Осындай динамиканы көрген соң "Қазпоштаның" жұмысына бұрынғыдан да артық көңіл бөле бастадық. Қомақты қаржы құйылуда, атап айтқанда, жаңғырту шараларын басты назарда ұстаймыз. Мақсат - қысқа мерзімде айқын өзгерістерге қол жеткізу.

Трансформация арқасында "Қазпоштада" қызмет көрсету түрлері автоматтандырылды. Жаңашылдықтың бірі ретінде смартфондық жүйені айтуға болады. Пошта қызметі бойынша хабарлама қазір пошта қабылдаушының телефонына СМС түрінде түседі. Ал ондағы кодты теру арқылы клиент кезекке тұрмай-ақ пошта қызметін пайдалана алады. Заманауи жүйе Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды секілді халық көп шоғырланған шаҺарларда іске қосылды. Алдағы уақытта барлық өңірлерде орнату жаспарланған. Электронды ақпарат жүйесін жетік меңгерудің арқасында хат жеткізу бірнеше есеге жеделдетілді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА