Қазақстанның
жүк тасымалдайтын вагондары жаппай Ресей нарығына жөнелтіліп жатыр. Өйткені
бізде тасымал бағасы төмен. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы - Жүк
тасымалы" АҚ президенті хабарлады. Оралхан Құлақовтың айтуынша, бір жүк
вагонының тасымалдау қызметі үшін тәулігіне 12 доллар төленсе, Ресейде бұл
көрсеткіш - 25 доллар.
Вагоны
бар кәсіпкерлердің тиімді, көрші нарыққа ағылып жатқаны содан. Қазақстанда жүк
тасымалының тарифін мемлекет реттейді. Темір жол саласындағы жүк тасымалы 2001
жылығы 60 пайыздан 2015 жылы 40 пайызға дейін қысқарған. Ал Ресей вагондарының
саны 1 миллионнан асады. Қазақстанда небары 130 мың вагон бар. Олардың 57 мыңа
ғана "Қазақстан темір жолына" тиесілі. Еуразиялық экономикалық одақтағы
үлесі 4,3 пайызды ғана құрайды. Ресей вагондары қазақ даласында емін-еркін
жүйткігендіктен, біздің құрам оларға бәсеке бола алмай отыр. Үкімет мәселені
шешу үшін бағаны реттеуден бас тартпақ. Енді келер жылдан бастап жүк
тасымалының тарифін нарық реттейді.
Оралхан
Құлақов, «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ президенті:
Дефицит
неден шығады? Бағасы кіші, сатып алатын полувагон жағдайы болмай жатыр ешкімде,
нарықтық экономикаға апару үшін бәрі ашық болу керек. Ол бізде ашық емес.
Олардың бағалары басқа болса, бәрі қашады. Қайда? Қай жерде ыңғайлы, қай жерде
баға көтеріңкі, соған жүгіреді.
Ал
жүк тасымалы нарығының 60 пайызын қамтып отырған «Қазтеміртранс» АҚ
жекешелендіруге шығарылуы мүмкін. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы хабарлады. Ал "Астана"
арнасына эксклюзивті сұхбат берген "Қазақстан темір жолының" қаржы
бойынша вице-президенті Мақсат Қабашев «Қазтеміртрансты» жекешелендіруге шығару
жоспары барын растады. Оның айтуынша, мекеменің 50+1 акциясы, яғни бақылау
пакетімен сатылмақ.
Мақсат
Қабашев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы бойынша вице-президенті:
Әлі
білмейміз, комиссия шешеді. Жоспар бойынша бізде бар. Бірақ осы сұрақ
комиссияға шығады. Әлі шешімі жоқ мемлекеттің.
Айгүл ӘДЕПБАЙ