Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан ет өнімдерінен «бренд» қалыптастырып, оны Қытай нарығына шығаруға ниетті

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2016
  • 5090

Қазақстан ет өнімдерінен «бренд» қалыптастырып, оны Қытай нарығына шығаруға ниетті. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті. Осылайша Қазақстан Аспан асты еліне экспортталатын өнім көлемін арттырмақ.

Қытай - жыл сайын 115 млрд АҚШ доларына азық-түлік сатып алатын алпауыт нарық.  Алайда ондағы қазақстандық өнімдердің үлесі небары 0,1 пайыздан аспайды. Былтыр құны 4 млрд долларды құрайтын бидай өнімдері, 3 млрд-қа ет өнімдері және 75 млн долларға бақша өнімдері экспортталған. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, Қытай нарығына ену «алгоритмін» жасаған. Енді бірқатар келісімдер нәтижесінде отандық өндірушілер өнімдерін сыртқа саудалай алады.

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

Бұл енді біздің экономикамыздың, біздің ойымызша, әрі қарай жылжуына драйвері болады. Ол үшін біз тек Қазақстан Республикасының нарығына емес, осы көрші елдердің нарығына осы өз өнімдерімізді шығаруымыз керек.  Бұның алдында Қазақстан тауарларына қойылған шектеулер алынып, тауарларымызға үлкен сұраныс пайда болып жатыр.