Русский Сайттың толық нұсқасы

Бәсекеге қабілетті маман даярлау - басты міндет

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2016
  • 6084

Атыраудағы медициналық колледж алдағы жылы сенімді басқаруға берілуі мүмкін. Оқу орны басшылығы әкімдікке осындай ұсыныс жасаған. Білім ошағында орта буынды медицина мамандарын бәсекеге қабілетті етіп дайындауға баса мән беріліп отыр. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы Атырау облыстық филиалы өкілдері мен колледждегі «Аманат» бастауыш партия ұйымының кездесуінде айтылды.

Колледж базасында биыл аймақтық симмуляциялық орталық ашылған. Мұнда заманауи тренажерлар мен муляждар арқылы болашақ мамандар түрлі жағдайда қалай әрекет етуді үйреніп, тәжірибе жинайды. Бұл мақсатқа қазынадан 50 млн теңге бөлінген.

Талғат Айдынғалиев, Атырау медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

Мамандарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру  мақсатында  тек қана теориялық білім аздық етеді. Сонымен қатар практикалық білімді шыңдау мақсатында қазір көптеген, облыс бойынша алатын болсақ, 37 мекемемен бізде келісімшарт жасақталған.

Аймақта 136 бастауыш партия ұйымы жұмыс істеп тұр. Онда 32 мыңнан астам адам топтасқан. Колледждегі «Аманат» бастауыш партия ұйымының 60-қа тарта мүшесі бар. Олар оқу орнындағы 1200 студентке «Ұлт жоспарының» 100 нақты қадам аясындағы міндеттерді жан-жақты ұғындырып келеді. Болашақ медицина мамандары «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Сенім жәшігі», «Парасыз сессия» жобаларына белсенді қатысып жүр.