Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде қалың қар жауды

  • AstanaTV
  • 10 қараша 2016
  • 3808

Өскемендіктер қалың қардың құрсауында қалды. Төтенше жағдай қызметі мамандарының сөзінше, екі тәулік бойы жауған қардың биіктігі 30 см жуықтаған. Салдарынан коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Бүгін тәңертең тұрғындар аулалардағы қарды күреп отырып далаға әзер шыққан. Қалың қардан ағаштар сынып, кей жерде көліктерді басып қалды. Шахарда трамвай қозғалысы тоқтап тұр. Өскемен - Бобровка бағытында қарға батып қалған қоғамдық көліктегі 20-ға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды. Синоптиктер қалың қардың соңы үскірік аязға ұласады деген болжам айтуда. Әкімдіктегілер бүгін барлық қозғалыс ретке келгенін хабарлады.

Ержан Коңырбаев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары:

66 техника өз жұмыстарын істеп жатыр. Таңертең келгенде, жолдың бәрі ашылды. Шығатын автобустар шықты. Қалалық мекемелер жұмыс істеп жатыр.