Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезекті 18-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті

  • AstanaTV
  • 11 қараша 2016
  • 4910

Жамбыл облысында "Нұр Отан" партиясы Жамбыл аудандық филиалының кезекті 18-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында 2014-2016 жылдары партия пәрменімен жүргізілген жүмыстардың есебі тыңдалды. Басқосуға 250-ге тарта делегат қатысты. Есепті мерзім ішінде партияға 700-ден астам адам қабылданған. Ал, бас партия бөлімшесінде бұл жылдар ішінде 4 партия конференциясы, саяси кеңестің 3 отырысы мен саяси кеңес бюросының 20-дан астам жиыны өткен. Конференция барысында аудандық филиалдың саяси кеңесі құрамына өзгертулер енгізілді.

Мәден Мұсаев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы:

Облыс бойынша ең алдыңғы, үлгілі партиялық филиал болып Жамбыл ауданы есептеледі. Сондықтан біздің ауданда 25 партияның бастауыш ұйымы бар. Оның қатарында 5 мыңнан аса партия мүшелері бар. Партия мүшелерінің барлығы сан емес, сапалық жағынан өте сондай көзі ашық, аса сауатты, жанашыр адамдар бүгін партия қатарында.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы құрамындағы 5500-дей партия мүшесі 129 партиялық топтан тұрады. Жиында партия өкілдері үшін басты мәселенің тәртіп екендігі баса айтылды. Жалпы, аудан бойынша есепте тұрған партия мүшелерінің  2211-і  білім беру және мәдениет, 1312-і экономика және қызмет көрсету саласы өкілдері. Өзгелері мемлекеттік қызметкерлер мен  шағын-орта бизнес иелері. Партияның депутаттық фракциясында да атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды.

Индира Туғанбаева, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы депутаттық фракциясының мүшесі:

Біз осы кезеңде 94 кездесу өткізіп, әр депутат өзінің сайлаушыларымен 7 реттен қабылдаулар жасап, онда 364 арыз-шағымдар түсті. Оның 219-ы оң шешімін тапса, 136 өтінішке құқықтық кеңестер беріліп, 9-ы құзырлы мекемелер бақылауында.