Русский Сайттың толық нұсқасы

Радиоактивті зат тиелген вагон Шымкентте оқшауланды

  • AstanaTV
  • 17 қараша 2016
  • 4622

Шымкент темір жол вокзалында "Маңғышлақ-Алматы" пойызы бір сағатқа кідірді. Көлік прокуратурасы жолаушылар пойызынан радиоактивті зат табылғанын хабарлады. Соңғы қорытынды қандай? Айзада Төребекқызы білді.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Шымкентегі темір жол вокзалында қарбалас болды. Алматыны бетке алған жолаушылар пойызының сәлем-сауқат тиелген вагонында радиоактивті зат бар деген хабарлама түскен. Көлік прокуратурасы, төтенше жағдай мамандары, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, желілік істер қызметінің қызметкерлері аяқтан тік тұрған. Сөйтіп Маңғышлақ-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы бір сағаттай кідірген.

-Никто ничего не говорил. Мы же здесь. Не видно нам. Просто остановился поезд, и все.- Сколько стоял?- Не обратила внимание.

Жұртшылыққа жұмбақ болған әрекетке қатысты ақпарат бүгін бас көлік прокуратурасының сайтында ресми жарияланды. Айтуларынша, тауар Ақтау қаласындағы «Радиофон» ЖШС-не тиесілі. Белгілі болғанындай, пошта таситын жүк вагонында артылған жеті жәшікте салмағы жарты тоннаға жуықтайтын зат болған. Қораптарды тексерген мамандар радиактивті заттардың нормадан жоғары екендігін анықтаған.

Ағытылған вагондағы жүктерді тексеру нәтижесінде ондағы радиоактивті заттар нормадан тыс екендігін көрсеткен. Радиоактивті фонның мөлшері 0,2-0,5 микрозиверттен аспауы тиіс, сағатына. Ал вагондағы жәшіктегі заттар 2-ден 57 микрозиверт сағатына көрсетті.

Жүк салынған арнайы вагон ағытылған. Тіпті вагон оқшауланып, арнайы күзет қойылған. Бірақ бізге ол аумаққа өтеуге рұқсат етілмеді. Қауіпті деп танылған жүкке қатысты жүргізілген сараптаманың қорытындысы бүгін түс ауа ғана белгілі болды. Мамандар жүктердің адам денсаулығына қаупі жоқ деген қорытынды шығарды.

Гауһар Әметқызы, Шымкент бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы:

Бүгінгі сараптама қорытындысы бойынша жеті контейнерде ешқандай  анықтама ауытқулар радиоактивті заттардың адам денсаулығына қаупі жоқ деген анықтама алдық біз лабораториядан. Қазір осы қорытынды бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Енді біз багаж пойызына анықтама қағаз жазып береміз, мамандардарға бүкіл полиция қызметкерлеріне анықтама қағаз жазып береміз, ешқандай қауіп жоқ деген.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Қазір осы жайтқа байланысты тергеу басталған. Ал сәлем-сауқат артқан вагонның Алматыға қашан жөнелтілетіні әзірге белгісіз.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ