Еуропаның бірқатар қалаларында Рождество мерекесі
қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Үкімет тәртіп сақшыларының санын арттырған. Шырша орнату мен
безендірулер кезінде тиісті талаптар сақталуда.
АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті
азаматтарға Рождество кезінде Еуропа аумағында теракт орын алу қаупі бар деген
ескерту жасады. Мәлімет бойынша, ДАИШ пен "Әл-Каида" филиалдары
жарылыс жасауды жоспарлап отырған көрінеді. Азаматтардың адам көп шоғырланған
жерде сақ болуы ескертіліп жатыр.
Бірер күн бұрын француз полицейлері теракт
ұйымдастырмақ болды деген күдікпен 7 адамды құрықтаған. Қауіпсіздік шараларын
Америка да мықтап қолға алды. Мұнда бүгін Алғыс күнін атап өтіп жатыр.