Русский Сайттың толық нұсқасы

Румыниядағы «ҚазМұнайГазға» тиесілі зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2016
  • 2735

Румынияда «ҚазМұнайГазға» тиесілі зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Мұндай ақпарды осы елдің «Agerpres» агенттігі хабарлап отыр. «Петромидия» мұнай өңдеу кешенінде орын алған апаттан 4 қызметкердің зардап шеккені айтылуда. Денесінің 90 пайызын күйік шалған науқастың бірі Бухарест қаласының ауруханасында көз жұмған. Тағы 2 адам ыстан уланған. Болжамға қарағанда, жарылысқа жанармай сорғысы мен 2 азот резервуарынан кеткен ақау себеп болған көрінеді. Қазір арнайы комиссия құрылып, істің мән-жайы анықталуда.

«Петромидияның» 100 пайыз акциясы «KazMunaiGasInternational» компаниясына тиесілі. Қара теңіз жағасындағы жалғыз мұнай өңдеу зауыты Румыния аумағының 30 пайызын жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп отыр. Таяуда зауыт толық модернизациялаудан өткен болатын. Әзірге ұлттық компания басшылығы апатқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.  

Құралай ПИОНЕР