Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық дихандар күріштің жергілікті сұрыпынан өнім алуда

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2016
  • 3282

Қызылордалық диқандар күріштің "АйСауле" сұрпынан алғашқы өнім жинауға кірісті. Сыр маржанының бұл сортын жергілікті ғалымдар ойлап тапқан еді. Жаңа сұрыпты алғаш рет тәжірибе алқаптарына еккен Қоғалыкөл ауылының дихандары өнімнің түсіміне дән риза.

Сағынтай Исмағұлов,  шаруашылық басшысының орынбасары:

Гектарынан 50-60 центнерден аламыз деген анық ойымыз бар. Соған жетеміз. Әрі қарай тұқымымызды көбейтіп, ойлаған дәрежемізге жетіп жатсақ, одан кейін экспорты болар.

Дархан Жұмаділдаев, күріш өсіруші:

Былтырғы күріштерден ерте піседі, дәннің толықтығы да, көптігі де өте жақсы. Келесі жылы да осы  "АйСауле" күрішін ексек деген ойымыз бар.

Күріштің "АйСауле" түрін Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты қолданысқа енгізген. Сыр өңіріндегі диқандардың айтуынша, будандастыру арқылы алынған отандық сұрып бәсекеге қабілетті. Күріштің бұл түрін шығаруға 15 жылдай уақыт кеткен. "АйСауле" күріші ресейлік сұрыптармен салыстырғанда 10-15 күн ерте піседі. Сортаң жерде өсіруге де төзімді бұл күріш сорты жергілікті климатқа бейімделген. Дихандар енді "АйСауле" тұқымын облыстағы шаруашылықтарға таратуды көздеп отыр.

Шарипа САҚТАПОВА