Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда баспана бағасы төмендеді

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2016
  • 2461

Елде баспана бағасы төмендеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесу барысында мәлім болды. Мамандардың сөзінше, соңғы жарты жылда шаршы метрдің құны Астананың өзінде 1,5-2 пайызға төмендеген. Ал Алматыда бұл көрсеткіш 2,5 пайызға жетіпті. Өзге аймақтардағы көрсеткіш 1 пайыздан аспай тұр. Дегенмен, риэлорлар бұл елеусіз ғана көрсеткіш, сондықтан баспаналы болуға баршаның мүмкіндігі болмай тұрғанын мойындайды. Қазір нарықта сұраныстан гөрі ұсыныс артқан.

Жани Тұрсынов, риэлторлық компания директоры:

Тұрғындардың баспана алып, қолма қол ақшасын беруге мүмкіндігі жоқ. Ал ипотекаға келсек, оның да жыры көп. Оның пайыздық өлшемдері бастан асады. Тіпті ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда, біздікі ең жоғарғысы. Мысалға, Ресейде ипотеканы 11 пайызға алуға болатын болса, біздің елде 15 пайызбен беретін банкті табудың өзі мұң.

Мамандардың пікірінше, 2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесі кезінде баға көрсеткіші өзгеруі мүмкін. Баспанаға сұраныс артқандықтан, шаршы метр бағасы көтеріледі деген жорамал бар, дейді. 

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ