Русский Сайттың толық нұсқасы

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалу қымбатқа түспек

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2016
  • 5342

Алматыдағы әйгілі «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында демалатындар үшін баға біршама көтеріледі. 10 желтоқсаннан бастап шаңғы тебушілер 9 500 теңге төлейтін болады. Ал қазір әрбір келуші үшін кіру ақысы 6 500 теңге тұрады. Курортты аймақтың жетекшілері тарифтегі өзгерістерді биыл жаз айларында жүргізілген жөндеу жұмыстарымен байланыстырып отыр.

Енді он күннен кейін шаңғы демалыс кешенінде жаңа маусым басталады. Осы кезде курорттың аумағындағы барлық сырғанау жолдары іске қосылмақшы.

Владислав Семенов, "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты маркетинг бөлімінің жетекшісі:

Жөндеу жұмыстары үшін сатып алынған құрылыс материалдары мен құрылғылар бізге еуромен есептелініп жеткізілді. Өздеріңіз білесіздер, шетел валютасы бізде құбылып тұрады. Сол себепті, өз шығынымыздың орнын жабу үшін, бағаны осылай көтеруге мәжбүрміз. Бұл тек сырғанақ тебушілер үшін, ал демалыс аймағына кіріп, жаяу қыдыратындарға баға көтерілген жоқ. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ