Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2016
  • 2570

«Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту жайы бүгін Ақордада талқыланды. Президент Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті. Ресей Үкіметінің вице-премьері болашақта бірлесе жүзеге асырылатын "Бәйтерек" жобасының техникалық жағын егжей-тегжейлі баяндап берді. Кездесуден соң сұқбат берген Дмитрий Рогозин бұл жоба бойынша нақты келісім бар, енді мемлекет басшыларының қол қоюы ғана қалғанын айтты.

Дмитрий Рогозин, РФ Үкіметі төрағасының орынбасары:

Бұл жоба мүлде жаңа зымыран-ғарыш техникасын жасауға және зымыран жөнелту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Жоба жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел басшылары тарапынан ресми рәсімделген жағдайда, Қазақстан мен Ресей Байқоңыр қаласы мен жөнелту кешенін дамытуда ұзақмерзімді, әрі жарқын перспективаларға қол жеткізеді.