Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан «Еуразия барысы» атанды

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2016
  • 2805

Еліміздің палуандары 3 дүркін «Еуразия барысы» атанды. Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы қаласында өткізілген байрақты бәсекеде жауырыны қақпақтай жерлестеріміз намысты қолдан берген жоқ.

«Еуразия барысы» атану үшін Ресей, Өзбекстан, Украина, Грузия, Тәжікстан, Моңғолия сынды мемлекеттердің үздік палуандары келген. Биыл барлық ел палуандарының жеңіске құлшынып тұрғаны қатты білінді, дейді мамандар. Ақтық сында қазақ спортшылары әдеттегідей Моңғол палуандарымен текетіресті. Ақтық сынға шыққан Қазақстан палуандары боз кілемге шыққан сәттен бастап жеңіс тұғырынан көрінді. Тек 2 спортшының жолы болмай, жауырыны жерге тигені болмаса, палуандар намысты қолдан бермеді. Осылайша жерлестеріміз қос мереке қарсаңында жанкүйерлерін жарқын жеңіспен қуантты.

Боз кілемде өткен үздік кездесулерді сенбі, яғни ертең 12:15-те, «Астана» арнасынан көріңіздер.