Рождестволық
қайырымдылық жәрмеңкесі Астанада 9-шы рет өтті. Оны Қазақстанда жұмыс істейтін
елшілердің әйелдері ұйымдастырған. Мұнда
келушілерге кәдесыйлар мен азық-түлік таратылды. Сондай-ақ әлемнің 53
мемлекетінде жасалатын түрлі бұйымдар табыс етілді. Оларға қойылған баға да өте
тартымды, яғни небәрі 200 теңгеден басталады. Сатып алушылар бұйымдардың алуан
түрлілігі мен әдемілігіне дән риза. Іс-шарадан бас аяғы 20 миллион теңгедей қаражат жиналады деп
жоспарланған. Бұл қаржы түгелдей қайырымдылық мақсатқа жұмсалмақ. Айта кетейік,
мұндай жәрмеңке жыл сайын желтоқсанның алғашқы жексенбісінде өтеді.