Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Қашаған кен орнын іске қосты

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2016
  • 2751

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қашаған қайта іске қосылды. Атырауға жұмыс сапарымен барған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алпауыт кен орнының ашылғанын салтанатты түрде жариялады. Президент «Д» аралы мен «Болашақ» зауытындағы жұмыстармен телекөпір арқылы танысты.

«Ғасыр жобасы» саналатын алып кеніште қалпына келтіру шараларынан соң тәулігіне 120 мың баррель мұнай өндіріліп отыр. Іске қосылғалы 600 мың тонна мұнай мен 400 млн текше метр газ өндірілді. 14-ші  қазанда өнімнің алғашқы партиясы экспортталды. Жыл соңына дейін 1 млн тонна мұнай және 680 млн текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Елбасы бұл жобаға үлкен үміт артатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

2001 жылы аштық қой ең бірінші, вентельді бұраған кезде айтылған болатын, төрт жарымнан бес жарым миллиардқа дейін мұнай бар. Тиісті газы бар. Бұл өте үлкен оқиға. Кейінгі кезде мұндай ашылмаған. Қашаған -  Қазақстан халқына, атыраулықтарға барлықтарыңызға үлкен қуаныш. Еліміздің дәрежесін де, жағдайын да көтереді деп есептейміз. Қазір мұнай мен газдың бағасы төмендеп тұр. Дегенмен болашақта әлі талай онжылдықтар алдымызда, мұнай да керек болады, газ да керек болады.  Бағасы да көтеріледі. 

Қашаған кеніші алғаш рет 2013 жылдың 11 қыркүйегінде іске қосылған еді. Іле-шала «Д» аралынан «Болашақ» зауытына тартылған құбырдан газ көлемінің кемуі анықталып, уақытша тоқтатылған. Елбасы сондай-ақ «Каспий Құбыр Консорциумы» мен «Қазтрансойл» кәсіпорындарының қайта жабдықтаудан кейінгі жұмыстарымен танысып, шетелдік инвесторлармен жиын өткізді. Қашаған жобасына ерекше үлес қосқан кәсіпорын, мекеме басшыларына мемлекеттік сыйлықтар табыс етті.