Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның қырғыз еліне электр қуатын сатуға мүмкіншілігі бар

  • AstanaTV
  • 07 желтоқсан 2016
  • 2650

Қазақстанның 2017 жылы қырғыз еліне электр қуатын сатуға мүмкіншілігі бар. Алайда бұл мәселе екі мемлекет арасында келісімшарт болған кезде ғана жүзеге асады. «Kegoc» компаниясының өкілі Нұржан Исенов осылай деді.

Айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстан энергожүйесі арасында жоғары киловольттық электр жеткізетін желілер салынған. Қазір көрші ел өз желілерін дамытып жатыр, су электр стансалары да салынған. Сондықтан алдағы уақытта электр энергиясын жіберуге мүмкіншілік бар, алайда оның көлемі мен бағасын айта алмаймын, - деді Нұржан Исенов.  Елімізде құны 53 миллиард теңге болатын «Екібастұз-Шүлбі-Өскемен» жаңа электр жеткізетін желілер іске қосылғаны белгілі. 105 миллиард теңгені құрайтын жобаның екінші кезеңі 2018 жылы аяқталмақ.

Нұржан Исенов, «Kegoc» АҚ ұлттық электр жүйесін дамыту департаментінің директоры:

Мүмкіншілік бар. Өйткені Қазақстанда қазіргі заманда электр стансалары артығымен бар. Сондықтан мүмкіншілік бар. Ал Кегок болса, өз жағынан жеткізу жағынан қамтамасыз етуге мүмкіншілік бар.