Қызылжарда жаңа жылдан бастап
коммуналдық қызметтердің құны қымбаттамақшы. Тұрғындар жылу үшін бір шаршы
метрге 95 теңге төлеп келсе, жылу есептегіш құралын орнатпағандар үшін тариф 20
пайызға артады. Алайда, бұған жұрт аса мән бермейтін көрінеді. Құрылғыны
орнатуға құлшынып отырғандар жоқтың қасы. Билік өкілдері жыл аяғына дейін жаңа
құралды 257 тұрғын үйге қоюды көздеген. Бірақ жоспар жартысынан әзер асып отыр.
Анатолий Мишин, Петропавл
қаласы әкімінің кеңесшісі:
Жылу есептеу құралын
орнатпағандар айлық төлемді 1000 теңгеге қымбатырақ төлейді. Халық әлі де бұл
құрылғының пайдасын түсінбей жүр. Қазір бүкіл коммуналдық қызметтердің құны
өсіп жатыр. Бұл тығырықтан шығудың бірден бір амалы.
Ал сумен қамту компаниясы
тарифті 35 пайызға өсіруді жоспарлаған. Қызылжар су серіктестігінің өтінішін
монополияға қарсы күрес агенттігі мен қоғамдық кеңестер қарап жатыр. Қорытынды
шешім желтоқсанның 15-де қабылданбақ. Монополист компания соңғы рет тарифті 3
жыл бұрын көтеріп, су құны 70 пайызға өскен еді. Бүгінде тұрғындар судың текше
метрі үшін 76 теңге төлейді. Мұны компания құбырлардың тозуымен
түсіндіреді.
Арман Өтегенов, СҚО бойынша
табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысы:
Қаражат су құбырларын жаңартуға
бағытталады. Тариф 5 жыл бойы инфляцияға байланысты өсіп отырады. Бірінші жылы
35 пайызға қымбаттайды. 2021 жылға қарай
70 пайызға дейін артады.
Абзал ҚҰРМАНКИН