Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық оқушылар онлайн оқиды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2023
  • 1868

Қызылордада ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары бүгін сабақты онлайн оқиды. 

Қалалық білім бөлімі 3 ақпанда мектеп оқушылары қашықтықтан оқитыны туралы кеше хабарлама таратты.

"Қалада ауа райының қолайсыздығы байқалып отыр. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін білім беру ұйымдарындағы 0-11 сынып оқушылары 3 ақпанда қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз. "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қызылорда облысы бойынша филиалының ұсынған дерегіне сүйенсек, Қызылорда қаласында күн бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болады",- делінген ресми хабарламада.