Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда жаңбыр тоқтады, бірақ жағдай әлі қалыпқа түскен жоқ

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2023
  • 2486

Министр Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресуді тапсырды. Министрдің айтуынша, бірлескен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілген жоқ.  Төтеншеліктер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:   

200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасуда. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді. Жағдай ерекше бақылауда.