Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе тұрғыны 6 келіден астам есірткі сақтаған

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2023
  • 1893

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері К.Нокин даңғылында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барсында 35 жастағы ақтөбелікті тоқтатқан. Ер адамды сырттай тексеру кезінде комбинезонының қалтасынан өсімдік тектес заттары бар 4 қағаз байламы табылып, тәркіленді. Polisia.kz. дерегінше, сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам тұрғылықты жері бойынша есірткі заттарын сақтайтынын айтқан. Тұрғылықты жерін тінту барысында 105 қағаз орамасы бар екі полиэтилен пакет және сарайдан өсімдік тектес заты бар қап табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 6 келіден асатын марихуана есірткі құралы екені анықталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.