Русский Сайттың толық нұсқасы

«Біз өзгерісті күтіп қана отырған жоқпыз, соған қадам жасап жатырмыз», - сарапшы

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2023
  • 961

«Біз өзгерісті күтіп қана отырған жоқпыз, соған қадам жасап жатырмыз». Сарапшы Қазбек Майгелдинов осылай дейді. Айтуынша, қабылданған референдум жүзеге асып келеді. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы өзгерістер, мәжіліс құрамының қайта жасақталуы жүйені жаңартудың басты қадамы болмақ. Ол мемлекеттік аппаратты қайта құру, халықты сайлауға ынталандырып, билікке деген сенімді арттырады деп сенеді.

Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ ДИРЕКТОРЫ:

Жергілікті өзін-өзі басқаруларда мысалы қазір мәслихатта мәслихат төрағасы деген пайда болады. Әкімдер мен олардың орынбасарлары бұрынғыдай партия мүшесі бола алмайды. Партия филиалдарына басшы бола алмайды. Міне, осындай жаңарған жүйе, біздің реформалардың басты мақсаты да осы. Әуелі жүйені жаңарту, мемлекеттік аппаратты қайта құру, осылайша заматтарға сайлауға қатысуға мүмкіндік беру, тек қана мүмкіндік беру емес, сонымен бірге сайлау үрдісінде азаматтар үшін ертеңгі күні дауыс беруге келуге оларды ынталандыруға да негізгі қадамдар жасап отыр.

А. Базарбай