Русский Сайттың толық нұсқасы

ІІМ көлігін заңдастыра алмай жүрген азаматтарды сабырға шақырды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2023
  • 904

ҚР ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев шетелден әкелген көлігін заңдастыра алмай жүрген азаматтарға үндеу жасады.

"Бүгінде 35 мың азаматтың өтініші мақұлданып, сонымен қатар 15 мың азамат өздерінің көлік құралын мемлекеттік есепке тіркеді, бірақ кейбір азаматтарымыз өздерінің көлік құралдарын тіркей алмай, наразылық білдіріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеге дейін жалғасады. Өтініш мақұлданбаған азаматтарды сабырға шақырамыз. Әрбір өтініш жеке әрі мұқият қарастырылып жатыр. Осы мәселені шешу бойынша басқа да мемлекеттік органдармен және шетелдік әріптестермен бірлескен жұмыстар атқаралып жатыр. Атап айтсақ, көлік құралын басқа елден тіркеуден шығару, кедендік тазартудан өтпеген және ешқандай мемлекетте есепте тұрмаған, яғни қосалқы бөлшектер болып кірген көліктер бойынша нақты шешім қабылданады",- деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.