Русский Сайттың толық нұсқасы

Ағаш ұрлады

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2023
  • 790

Павлодар облысында заңсыз ағаш ұрлаған ер адам құрықталды. Polisia.kz. дерегінше, Аққулы ауданында заңсыз ағаш тасымалдаған ер адам анықталды.

"Полиция қызметкерлері Аққулы ауданы Шарбақты ауылының маңында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Тереңкөл ауданының 48 жастағы тұрғынының басқаруымен КамАЗ автокөлігін ұстады. Тексеру кезінде жүргізушінің қарағай ағашын тасымалдағаны анықталды, бұл ретте ағаш көлемі ілеспе құжаттарға сәйкес келмеді", – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.