Русский Сайттың толық нұсқасы

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2023
  • 1041

Қазақстандық Әбиба Әбужақынова Франция астанасы Парижде дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ә. Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті. Қола жүлде үшін бәсеке аса тартысты өтіп, қосымша уақытта оңтүстіккореялық дзюдошы үшінші ескерту алды. Сөйтіп жеңіс Әбибаға берілді.

Бұл – өткен жылы қазақ қыздары арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған Әбиба Әбужақынованың биылғы екінші медалі.

Бұдан бұрын ол Португалияда өткен әлемдік Гран-при турнирінің чемпионы атанған еді.