Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада екі мұнайшы уланып, қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2023
  • 1023

Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС-нің екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды.

Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС-нің қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.

«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің ақпаратында.

«Оқиға 3 ақпанда "Арысқұм" кен орнында болған. Қайтыс болған екі адам да қосалқы мердігер жүргізуші болып жұмыс істеген. 3 ақпанда сағат 11:38 шамасында "Саутс Ойл" ЖШС қызметкерлері қайтыс болды», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратында.