Русский Сайттың толық нұсқасы

32 жастағы әйел жаңа туған баласын сату үшін БҚО-дан Атырауға келген

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2023
  • 1750

Атырауда 32 жастағы әйел баласын сатты деген күдікке ілінді. Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, күдікті әйел Батыс Қазақстан облысынан келген. Жасы 32-де.

Күдікті кішкентай нәрестесін сатып алатын адам іздеген. Ал, әкесіне баланың қайтыс болғанын айтқан.

Сөйтіп, бала сатып алғысы келген екі адамды тапқан. Көбірек ақша ұсынған адамға баласын ұстатып жіберген.

«Қазір күдікті әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті әйел мен баласына сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Бала сатуға байланысты куәгерлерден жауап алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.