Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірқатар облыста су тасқыны қаупі сақталады - ТЖМ

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2023
  • 2195

«Қазгидромет» РМКҚ төрт аймақтың ауа райына қатысты ескерту жасады. Синоптиктердің дерегіне қарағанда, 4-10 ақпан аралығында Алматы, Жамбыл, Жетісу және Түркістан облыстарында қар аралас жаңбыр және қатты жауын-шашын түсуі мүмкін.

«Сондай-ақ температураның күрт жоғарылауына байланысты қар мен мұздың тез еруі, беткейден су ағыны және өзен деңгейлерінің көтерілуі ықтимал. Бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін», - деп жазды Қазгидрометтен.

Ал ТЖМ азаматтарға өз үйлерінің аула аймақтарын қардан, арықтарды қоқыс пен мұздан уақтылы тазарту қажеттігін еске салады.

Су деңгейі көтерілген жағдайда 112 телефонына хабарласу қажет.