Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияда жер сілкінісі: 76 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2023
  • 2707

Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440 адам жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда - Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада жарты сағат бойы сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.