Русский Сайттың толық нұсқасы

18 секундта 761 адам жеңілдетілген несиемен көлік алуға өтінім берген

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2023
  • 2014

Платформа іске қосылған алғашқы минутта autonesie.kz сайтына 125 мың адам кірген. Бұл туралы өнеркәсіпті дамыту қоры хабарлады.

Таңғы сағат 10.00-де платформа іске қосылған сәттен бастап алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны - 125 000 адам. 

Қор autonesie.kz сайты жүктемені жеңіп, пулдың қалыптасуын қамтамасыз етті деп сендіреді.

"Шектеуге жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталды, "өтініш беру" функциясы белсенді емес болды. Өтініштерді қабылдау барысында кейбір пайдаланушылар автокөлік өндірушісін таңдай алмады, бұл да өтінімдер шегіне жетуге қатысты",- деп хабарлайды Өнеркәсіпті дамыту қоры.

Өтінімдерді қабылдаудың келесі кезеңі қазақстандықтар үшін наурыз айында, содан кейін ай сайын қолжетімді болады.