Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да кәсіпкерлерден мемлекеттік бағдарламада көзделмеген құжаттар талап етілген

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2023
  • 1690

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметке мемлекеттік орган бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасында көзделмеген заңсыз құжаттарды 3 кәсіпкерден талап еткені бойынша өтініш келіп түсті. Кәсіпкерлерден жерге орналастыру жобасын әзірлеу құжаты талап етілген, бірақ бұл құжат мемлекет тарапынан қаржыландырудан кейін жасалу керек.

Кәсіпкерлер бөлінбеген қаражаттан бұрын бұл құжатты тапсыра алмаған.

Кәсіпкерлердің өтініштері ізімен Департамент кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Осыдан кейін олардың құжаттары қабылданыпты.