Русский Сайттың толық нұсқасы

Асхат Аймағамбетов университетке оқытушы ретінде қабылданды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2023
  • 1216

Асхат Аймағамбетов М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде оқытушы болды. Бүгіннен бастап ол дәріс оқиды. Бұл туралы университеттің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды. 

Университет бұрынғы білім министрінің олардың ұсынысын неліктен қабылдағанын түсіндірді.

"Асхат Аймағамбетов өз тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісу мақсатында ұсынысымызды қабылдады. Оның келуі студенттердің білім сапасын да, тұлғалық дамуын да арттыратынына сенімдіміз", - делінген онда. 

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, оның түрлі ұсыныстары мен тиісті жоспарлары бар.