Русский Сайттың толық нұсқасы

Құтқарушылар мінген ұшақ Түркияға қонды

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2023
  • 1788

Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияда – Газиантеп қаласына аман-есен қонды. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, келесі кезең жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау болады.

Құтқарушыларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құтқару құралдарымен: гидравликалық және пневматикалық құралдармен, гидравликалық домкраттармен, пневматикалық домкраттармен, чиптермен, перфораторлармен, жарықтандыру құрылғыларымен, шатырлармен, спутниктік терминалмен, рамалық модульмен, автокөліктермен жарақтанған.