Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада елес кезген үй қайсы?

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2023
  • 2958

Елордада елес кезген үйлер бар. Қауесетке сенсек, бұл баспаналар зират үстіне тұрғызылған. Сондықтан ондағы пәтерлерде жиі ыдыс-аяқ салдырлап, шам бірде жанып, бірде өшеді. Әруақтардың зәрені алып жүргені рас па? Әріптесім Аружан Задабек қорқынышты орындарға барып, көріп келді.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Жұрт елес бар деген үйге біз де келдік. Көпқабатты тұрғын үй, көріп тұрғандарыңыздай. Қазір ішке кіріп, өз көзімізбен көргіміз келіп тұр. Қауесеттерге сенсек, дәл осы үйдің астында бұрын оба ауруынан қайтыс болған адамдар жерленген деседі. Біздің оператор екеуіміздің үйге кіргенімізге, шамамен, бір сағаттай уақыт өтті. Бірақ ешқандай тылсым күшті байқамадым.

Тылсым күш жоқ деп ауыз жиып болғаным сол еді, қараңғы бір бұрышқа көзім түсті. Қорқынышты жиып қойып, түсірілімді ары қарай жалғастырдық. Кенет...

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Мен дәл қазір осы үйдің жертөресіне кірдім. Кішкене үйдің ескіргендігінен қорқыныш басым болды.

Мұндайда қорыққанға қос көрінеді демеуші ма еді?! Есімді жиып, кіреберіске шығып едім, алдымнан осы тұрғынүйде 17 жылдан бері тұратын азамат шықты.

Жұрт шулап жатыр екен. Осы үйде елес бар екен деп. - Түнгі үште тұрамын да арақ беремін, кетеді.

Иә, үйдің байырғы тұрғындары бұл әңгімеден әбден шаршаған. Елес бар болса біз де көшіп кетер едік қой дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Оның бәрі бекер әңгіме. 2 этажда тұрамын ғой. Ешқандай елес те, белес те жоқ бұл үйде. Кезінде осы жерде зират болған дейді. 99 жылы үй салған кезде зиратты ысырып тастап, орнына үй салған дейді.

Елес жоқ болса бұл әңгіменің нүктесін қояйық деп кетпекке бекінгенім сол еді, баспананың бұрынғы тұрғынын кезіктірдім. Ол бұл үйден көшуіме қорқынышты оқиғалар сеп болды дейді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Елес бар. Бұл үйде тұрған адамдар тұрақтамайды. Қайта-қайта көшіп кетеді. Зираттың үстінде орналасқаннан кейін түрлі дыбыстар шығады. Өте қорқынышты.

Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:

Біз дәл қазір Қараөткел ауылының жанындағы зиратқа келдік. Жолдың бойында орналасқан. Көз жүгіртсек мына жақтан жер үйлерді де байқауға болады. Бейресми мәліметке сүйенсек, дәл осы бейіттің басында жол-көлік оқиғалары жиі орын алады екен.

Жұрт бір жерде жол апаты жиілесе, ол тысым күшке байланысты дейді. Бірақ, дінтанушы Салтанат Асанова бұл пікірмен келіспейді.

Салтанат АСАНОВА, ДІНТАНУШЫ:

Заңдылық деп ойламаймын. Кездейсоқтық, заңдылық деген бар. Яғни, ешқандай да зираттың қасына барса мынандай болады деген ешқандайда бір дәлел жоқ. Шыны керек, әр адамның ішкі өзінің сенімінің деңгейіне байланысты деп ойламын.

Ал дін өкілдері елес туралы не дейді? Оның бары рас па?

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ:

Адамның көзіне елес болып көрініп жүргендер – әртүрлі бейнеде көрінетін жындар. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Олардан қорғану үшін Пайғамбарымыз үйреткен Құран және сүннетте келген зікірлерді оқып, өзіне дем салып жүруге болады.

Астана – үлкен қала. Сондықтан болар, ел аузында шаһардың мына жерінде елес бар деген әңгіме көп. Ал тылсым күшке сенбейтіндер бұл жәй ғана сандырақ дейді.

А. Задабек