Елімізде 14 өңірді су басуы мүмкін. Оның ішінде Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасында қауіп жоғары. Бұл экология және табиғи ресурстар вице-министрі Азидуллин Галидулла мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл-болжам. Бірақ, су тасқынының алдын алу үшін су тораптары тексеріліп жатыр. Республика аумағында 1 806 тірек гидротехникалық құрылыс бар,оның 471 жөндеуді талап етеді.
Галидулла АЗИДУЛЛИН, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Күздегі топырақтың ылғалдылығын қату тереңдігін зерттей отырып, су тасқыны аймақтарға баға берілді. Жоғары қауіпті – еліміздің Қарағанды, Алматы, Солтүстік, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы , Жетісу, Түркістан облыстары. Орташа қауіпте: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Ә. Дүкембаева